Арнайы педагогтерге оқыту семинары ұйымдастырылды

2024 жылғы 02 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК арнайы және инклюзивті білім беру бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының арнайы педагогтеріне арналған «Білім беру ұйымдарында арнайы педагогтердің жүргізетін нормативтік  құқықтық актілері» тақырыбында оқыту семинары өтті.  

          Семинар барысында әдіскерлер арнайы педагогтер жұмысында қолданылатын нормативтік  құқықтық актілері, мектепте педагогикалық-психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыру алгоритмі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу бағдарламалары және оның түрлері, жасалу жолдары бойынша толық ақпарат берді.

          Сонымен қатар, іс-шарада арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері ассоциациясының лидері Рауан Зарипқызы мен М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясының арнайы педагогтері мектепте ППҚҚ қызметін ұйымдастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, ЕББҚ бар оқушыларды командалық бағалау, арнайы мамандардың түзету-дамыту жұмыстарындағы қолданатын инновациялық технологиялар мен әдістері, есту қабілеті бұзылған балалармен жүргізетін түзету жұмыстарының ерекшеліктерін көрсетті.           Семинар соңында қатысушылар «ашық микрофон» аясында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған