Action Research тиімділігі

2024 жылғы 31  қаңтар күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің Т2 мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі екінші тіл ретінде оқытуда инновациялық бастамалар: Action Research әдістері»  тақырбында қалалық онлайн семинар өткізіліді.

 Семинарға Астана қаласы бойынша  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің Т2 79 мұғалім онлайн ZOOM платформасы арқылы белсенді қатысты.

Семинар барысында №63 мектеп-гимназиясының мұғалімі  Булекпасова Бағдат Шакимовна Action Research әдісінің оқу дағдыларына әсері туралы ой қозғаса, №72 мектеп-лицейінің мұғалімі Сулейменова Жанна Сагидуллина қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында іс-әрекетті зерттеу сұрағын тұжырымдау туралы  түсінік  және РФММ  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қазанбаева Аршагүл Жаңбырбайқызы Action Research тиімділігі туралы ой қалыптастырды.

Белсенді түрде қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері теориялық және практикалық кейстерді талқылады, тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Гүлжазира Бекболатқызы мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулер Action Research  пен Ltsson Study маңыздылығы, ерекшелігі және ортақ қаситеттері, жүргізу ережесімен таныстырып, тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге алғысын білдіріп, семинарға  қатысушы педагогтерді  шығармашылықпен еңбек етуге шақырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған