«Мінсіз мұғалім» шығармасы бойынша қалалық оқырмандар конференциясы өтті

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен 2024 жылғы 31  қаңтарда  №22 мектеп-гизназиясында  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің Т2 мұғалімдеріне арналған «ОҚУ ТІМЕ» жобасы аясында  Г.Петровтың «Мінсіз мұғалім» шығармасы бойынша қалалық оқырмандар конференциясы өтті. 

           Конференцияда   «Мінсіз мұғалім» шығармасының  басты кейіпкері профессор С.А. Рачинский  тұлғаның үлгі боларлық ғұмырынан сыр шерте отырып, мектеп мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, шығарманы талдау жұмыстарына белсенділік танытты.  Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің мұғалімі Тлебалғанова Динара Нұрмұхамедқызы, №72 мектеп-лицейінің мұғалімі Сатыбалдиева Назира Куанышовна шығарма талдау барысында  өте жақсы белсенділік танытып,    тәжірибесімен бөлісті.

          Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің Т2 мұғалімдерінің қауымдастығы  2024 жылдың қаңтарынан бастап «ОҚУ ТІМЕ» жобасын  қолға алды. Ондағы мақсат мұғалімдер арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, оқуға құштар Ұлт дәрежесіне көтерілу. Қауымдастық мүшелері әр айға көркем шығарма мен әдістемелік кітаптарды оқуды жоспарлауда. Жалпы алғанда, «Мінсіз мұғалім»

шығармасы  мұғалімдерге  үлкен ой салды, көптеген инсайттар алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған