Сандық аралықтарды біріктіру және қиылысу

«ITLS – интерактивті тапсырмалардың білім беру сервисі» жобасы аясында «Математика» пәні бойынша интерактивті сабақ және орта білім беру ұйымдарының әдістемелік қолдау бағдарламасы

№47 балабақша-мектеп-гимназиясының педагогы И.А. Скрамовская  6-сыныпқа арналған «Математика» пәні бойынша «Сандық аралықтарды біріктіру және қиылысу» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді. Сабақ әлеуметтік әріптес – «Logitex» компаниясының қолдауымен «ITLS-интерактивті тапсырмалардың білім беру сервисі» жобасын іске асыру аясында өтті.

Сабаққа Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталықтың «Аналитика және мониторинг» бөлімінің әдіскерлері А.А. Бекжанова, В.А. Яковлев және №47 балабақша-мектеп-гимназиясының 4 педагогы қатысты.

Сабақ барысында өткізілген тақырып бойынша оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау бойынша интерактивті ойындар қолданды, сонымен қатар ITLS платформасында ойын режимінде білім алушылардың бағалау рәсімі жүргізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *