Жаратылыстану пәндерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Ш.Шакированың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 01 ақпан Ы.Алтынсарин атындағы «Binom school» мектеп-лицейінің базасында «Жаратылыстану пәндерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту» тақырыбында білім беру ұйымдарының химия, биология және география, физика пәндерінің жас мамандарына арналған семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Жаратылыстану пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну және оны дамыту жолындағы тәжірибемен бөлісу

Семинарда «Сабақ жоспарына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды қалай дайындаймыз?» Workschoop, «Олимпиадаға дайындық жүргізу бойынша» тренинг, «Mi battle» интелектуалды сайыс және 7 ашық сабақ өткізілді.

Қатысушылар вебинар соңында өз ойларымен бөлісті, құнды әдістемелік шара өткендігін атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған