Музыка мұғалімі тәжірибесіндегі балалар әндерінің маңыздылығы мен тәрбиелік мәні

2024 жылғы 30 қаңтар күні №63-ші мектеп-гимназиясында Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспары бойынша орта білім беру ұйымдарының музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Музыка мұғалімі тәжірибесіндегі балалар әндерінің маңыздылығы мен тәрбиелік мәні» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарды өткізудің мақсаты заманауи балалар әндерін үйретуді қызықты әрі табысты етуге ұмтылуда музыка пәні педагогтеріне шығармашылық әдістемелік көмек көрсету, балалар әндерін насихаттау болып табылады.

ҚазҰӨУ «Музыкалық орындаушылық және педагогика» кафедрасының оқытушысы Тулегенова Аида Ериковнаны «Білім алушыларға мектеп әндерін үйретудегі әдіс-тәсілдер» тақырыбында, «HURORDA» мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Мустафанов Нұркен Жәдігерұлы «Заманауи балалар әндерін аспаптық сүйемелдеу әдіс-тәсілдері» тақырыбында, №22 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Луценко Наталья Евгеньевна «Музыка сабағында балалардың музыкалық аспаптарын қолдану арқылы ырғақ сезімін дамыту», №67 гимназиясының музыка пәні мұғалімі Калиева Алтын Урокбаевна «Оқушылардың әнді орындауындағы музыкалық аспаппен сүйемелдеу рөлі» тақырыбында, №23 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Мусабекова Роза Маденовна «Мектеп оқушыларының аспапта ойнау шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында, «Флагман» мектебінің музыка пәні мұғалімі Ахметова Гульназ Амирхановна «Аспаптық музыка-мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту құралы» тақырыптарында өз іс-тәжірибиелерімен бөлісті. Семинар барысында спикерлер білім алушыларға мектеп әндерін үйретудің әдіс-тәсілдерімен, орындалу ерекшелігімен, түрлі ойындарымен, балалардың музыкалық аспаптарын қолдану арқылы ырғақ сезімін дамыту және аспаптық сүйемелдеу ерекшеліктерін атап өтті.

Музыка пәні мұғалімдері сұрақтарына шебер ұстаздар толық, тиянақты жауап берді. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 80 мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған