Сабақ жоспарына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу

2024 жылдың 31 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Сабақ жоспарына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдері қазіргі таңда актуалды мәселеге айналған оқытуда функционалды сауаттылықты қалай дамытуға болатыны және оны сабақ жоспарына қалай енгізу туралы тәжірибелермен алмасты.

Оқыту семинарына қала мектептерінің физика пәні мұғалімдері қатысқан бұл семинарда құнды ақпараттар көп болды. Баяндамашылар мақсат және тиімді әрі креативті әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Әдістемелік орталық әдіскері Қ.Нұртаева және қала мектептерінің физика пәні мұғалімдері Хонорбай Анаргуль, Туртаева Нурлы Маликовна, Абсадыкова Насиба Ергешовна, Жунусова Дина Шакаримовна, Кенежанова Назгуль Алпысбаевна, Дусчанова Алия Уринбековна «Сабақ жоспарына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында төмендегідей тақырыптар қарастырылды.

  • Сабақ жоспарына оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу
  • Формирование естественно-научной грамотности на уроках физики
  • Физика пәні бойынша оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытатын тапсырмаларды әзірлеу.

Мектеп оқушыларына стандартты білімді берумен қатар оларды дағдыландыру, алған білімдерін өмірде, жағдаятқа қолдана алу икемділігін арттыру, креативті ойлауға қолдау көрсету маңыздылығын алға тартты.

Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды мұғалімдерге назарына ұсынды:

1.     Мұғалімнің өмір бойы оқуға, ізденуге құштар және талаптануға мүдделі болуы керек;

2.     Мұғалім сабағының жүйелі, бірізділікпен өтуін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

3.     Мұғалім сабағын жоспарлауда шығармашылықпен жанасуы керек.

4.     Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі маңызды.

5.     Мүмкіндігінше, сабақтарда функционалды сауаттылықты дамытатын тапсырмаларды құрастырып отыруы қажет

6.     ҚМЖ ға енетін функционалды сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалардың мақсаттылығы маңызды.

Семинар соңында үлкен буын ұстаздары мен жас буын ұстаздарының ұсыныстары мен кері байланыстары іс-шараның қызықты аяқталуына себеп болды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған