Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың  заманауи тәсілдері

2024 жылдың 30  қаңтары күні  Астана қаласында  «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың  заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Мақсаты: колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық іс-әрекетті талдау және зерттеушілік мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау.

Конференцияның ұйымдастырушылары: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және  Астана қаласы әкімдігінің«Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Астана қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Астана қаласы Білім беру қызметкерлері кәсіподағының, Түркия мемлекетінің, Ресей Федерациясының, Татарстан, Қырғызстан Республикаларының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар Алматы, Абай, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан т.б. аймақтардың, Алматы, Шымкент, Астана қалаларының ТжКББ ұйымдарының педагогтері және колледждердің  әлеуметтік серіктестері қатысты.

Пленарлық отырыста  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық  және  кәсіптік білім беру бөлімінің бас сарапшысы  А. К.  Кажкенова, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Ұлттық біліктілік жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы

А. И. Айбульдинова, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Усеинова М. С., Түрік Мемлекеті «TAYGA GRUP» халықаралық консалтингтік және рекрутингтік компаниясының бас директоры, Музаффер Сезгин, Татарстан Республикасы Қазан қаласының   «Қазан технология және дизайн колледжі» мемлекеттік автономды кәсіптік білім беру мекемесінің директоры  
И.Ф. Даутов, Астана қаласының  «Сервис және туризм»   колледжінің  директоры  Басыгараева  С. Қ.,   «Басқару колледжі» ШЖҚ МКК директоры  М.Х. Бершаева сөз сөйледі.

Пленарлық және секциялық отырыстарда ұлттық біліктілік шеңбері, заманауи жағдайда оқу үдерісін жетілдіру, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, халықаралық ынтымақтастық, дуалды оқыту, оқу іс-әрекетінде инновациялық технологияларды пайдалану,

ТжКБ  саласы педагогтерінің мұғалімдерінің тұлғалық өсуі және т.б. мәселелер талқыланды.

Секциялық отырыстар  диалогтық алаң , дөңгелек үстел, панельдік дискуссия, BarCamp -анти-конференциясы, педагогикалық коллоквиум  түрінде  өткізілді.

Конференцияға 300-ден астам  педагог  қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша сертификаттар беріліп, конференцияға қатысушылардың мақалалар жинағы шығарылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған