Ата-ана мен жасөспірім-жағымды қарым-қатынас

       2024 жылғы 25-26 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес №№ 16,21,25,29,62,38 мектептерде ата-аналар үшін ата-аналардың балалармен оң қарым-қатынасын қалыптастыруда психологиялық білімді жетілдіру мақсатында семинар-тренингтер өткізді.  Іс-шараның басында мектеп педагог-психологтары ата-аналарға оқу жылының бірінші жартыжылдығында оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу және жылдың екінші жартысында балалармен алдағы жұмыс туралы ақпарат берді. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері ата-аналармен балалармен тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерімен, балалар мен ата-аналар қарым-қатынасын үйлестіру әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ ата-аналарға қаламыздың бес ауданында жұмыс істейтін психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері туралы және психологтан тегін кеңес алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді. Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде ата-аналар балалар рөлінде болып, әсерлі бейнероликтерді көрді, оң пікірлерін мен қалдырдып, осындай форматтағы кездесулерді көбірек ұйымдастыруға тілек бідірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған