Сабақ жоспарына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу

2024 жылдың 24 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Сабақ жоспарына функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды енгізу» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті.

Оқушылардың функционалдық құзыреттілігін дамытудағы мұғалімнің рөлі оқушының қажеттіліктерін анықтап, олардың дамуына қолдау көрсете білуі тиіс және нақты проблемаларды талдау, шешу жолдарын үйрету екені атап өтілді.

Шеберлік-cынып сабақтарына қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысып, білікті спикерлердің іс-тәжірибелерімен танысты.

Әдістемелік орталық әдіскері Қ.Нұртаева және қала мектептерінің математика мұғалімдері Г.И.Смаилова, З.Т.Истелеева, Берикбай Мирахан, Қ.С.Парманова, Д.Б.Аскарбекова «Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын тереңдету» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Сабақ барсында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды әр тақырыпқа енгізу және өмірде қалай қолдануға болатыны туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Функционалдық құзыреттіліктің негізгі қағидаттары

  • Контекст

Тапсырмалар нағыз оқиғалармен байланысты болуы қажет.

  • Белсенділік

Оқушылар тапсырмаларды шешу процесіне белсене араласуы тиіс.

  • Интерактивтілік

Шешімді бірге талқылап, таба білудің маңызы зор екені атап өтілді.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізді. Кері байланыс Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған