Оқытуда инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану

2024 жылдың 27 қаңтар күні Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Оқытуда инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» атты семинар-практикум өтті.

Конференцияға Республика көлемінде білім беру ұйымдарының Көркем еңбек пәні мұғалімдері, Астана қаласының ЖОО орындарының оқытушылары қатысты.

Пленарлық отырыста Нугманова Фарида Багадиевна, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдырының кандидаты, Архыматаева Айнур Жаксылықовна, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, PhD қоғамдық-гуманитарлық бағыт зертханасының меңгерушісі

Смагулова Жулдыз Жакияновна, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Ғылыми қызметкер қоғамдық-гуманитарлық зертханасының қызыметкері сөз сойледі.

Республикалық семинарда спикерлер өз тәжірибелерімен таныстырды:

  • Шапкина Светлана Корнеевна, Алматы қаласы «№103 мектеп-гимназия» көркем еңбек пәні ұстазы, Алматы қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері «Бейнелеу өнері және сызу пәндерін оқу үдерісіне енгізу стратегиялары: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және негізгі дағдыларды қалыптастыру»
  • Боранқұлов Еркінбек Қағазбекұлы, Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты; «Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру: инновациялық әдістер және электрондық платформалар»
  • Жаримбетова Гульсара Касымбековна, Алматы қаласы, «№21 гимназия», көркем еңбек пәні ұстазы, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, Алматы «Өрлеу» курстарының тренері; «Оқушылардың практикалық жұмысты орындау кезінде графикалық нәтижелерді түсіндіру, пайдалану және бағалау дағдыларын қалыптастыру»
  • Тастемирова Мейраш Мырзабековна, Шымкент қаласы, №39 М. Жұмабаев атындағы мектебінің ұстазы; «Қазіргі өмір сүру кеңістігіндегі оқу процесінің ұлттық құндылықтары мен этнодизайны»
  • Жапарова Салтанат Аминовна, Алматы қаласы, №176 мектеп-гимназиясының, көркем еңбек пәні мұғалімі, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының президенті, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; « STЕАM технологиясындағы креативті графика
  • Жарасбаева Дарига Аскаровна, Астана қаласы,38 мектеп-лицейінің ұстазы;

“Ұлттық құндылықтар арқылы сана-сезімі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу”

  • Ткачук Наталья Юрьевна, Астана қаласы, Х.Ж.Садуақасов атындағы мектебінің ұстазы; «Көркем еңбек пәнінде креативті ойлау: Жасанды Интеллектіні қолдану арқылы дамытудың жолдары»
  • Дүйсенова Бахытжан Жолдасқызы, Астана қаласы, Riviera International School by Quantum мектебінің «Өнер» пәні мұғалімі, өнертанушы, NU магистрі

Семинар-практикумға қатысушылар ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарына қатысты:

  • Жаманбаев Талғат Маратович, Астана қаласы, Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы, көркем еңбек пән ұстазы, Арапов Жандос Маратұлы, Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINON SCHOOL мектеп-лицейі, тарих пәні ұстазы; «Электроқұрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау» кіріктірілген сабақ
  • Забожанова Татьяна Ананьевна, Астана қаласы, №5 мектеп-гимназиясы, көркем еңбек пәні ұстазы, Погребицкая Светлана Петровна, Астана қаласы, №25 орта мектебі, көркем еңбек пәні ұстазы; «Көркем еңбек сабағында АКТ элементтерін қолдау» кіріктірілген сабақ.
  • Карамурзина Шолпан Ондасыновна, Абельманова Гульжихан Адильхановна, Астана қаласы, Әбіш Кекілбаев атындағы BINON SCHOOL мектеп-лицейі, биология, көркем еңбек пәндерінің ұстаздары; «Құрақ-STЕАМ технологиясында» кіріктірілген сабақ
  • Мұратханқызы Әсемгүл, Нұрлыбаева Әйгерім Нұрлыбайқызы Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINON SCHOOL мектеп-лицейі, математика, көркем еңбек пәндерінің ұстаздары; «Тоқыма мозаика техникасымен жасалған құрақтың жизайнын дайындау» кіріктірілген сабақ
  • Бактыгереев Мурат Болатулы, № 1 Арнайы мектеп-интернаты, көркем еңбек пәні ұстазы, география пәні ұстазы «Ғажайыптар әлеміне саяхат»,

Дидарұлы Сымбат, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINON SCHOOL мектеп-лицейі, Астана қаласы, «Киім мен аксессуарлардың заманауи өндірісі» кіріктірілген сабақ

  • Аязбаева Нурлыгуль Султанбековна, Астана қаласы, Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі, көркем еңбек пәні ұстазы,

Елеуова Асель Сабиоллаевна, тарих пәні мұғалімі; «Түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу» кіріктірілген сабақ.

  • Тунгишбаева Жанар Бауыржановна көркем еңбек пәні ұстазы, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі, Татыханова Асем Сайрановна (тарих пәні ұстазы), Кемелбек Берікболсын Маратұлы (ағылшын тілі пәні ұстазы), Астана қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы BINON SCHOOL мектеп-лицейінің ұстазы.

Шеберлік сыныптарын Алматы, Қызылорда, Көкшетау, Астана қалаларының мұғалімдері мен ұстаздары өткізді. Іс-тәжірибе барысында шеберлік сыныптар жоғары деңгейде көрсетіліп, шығармашылық ізденіс машықтарын дамыта білді.

Семинар-практикумға 140-тан астам педагог қатысты.

Конференцияға қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.

Шара қорытындысы бойынша жинақ жарияланады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған