МЕКТЕП КІТАПХАНАШЫЛАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ӨТТІ

Астана қаласы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Баспа қызметі бөлімі 2024 жылдың 26 қаңтар күні №№1, 12 мектептерінің кітапханашыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік көмек кітапханашыларды білім беру ортасында өз функцияларын табысты және нәтижелі орындау үшін қажетті біліммен, құралдармен және қолдаумен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, кітапханашылар өз жұмыстары барысында тап болуы мүмкін нақты кәсіби міндеттерді шешуде кеңестер беріліп, көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған