Педагогтің әдістемелік жұмысының тиімді формалары

Әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыруға көмектесетін әдістемелік оқытудың ең маңызды ұжымдық түрі әдістемелік семинар болып табылады.

2024 жылдың 25 қаңтары күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКБ бөлімінің әдіскерлері Б.Сейдахметова, Р.Давлетбаева және ТжКББ педагогтері Бірлестігінің көшбасшысы Ж.Мылтықбаева «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК оқытушыларының педагогикалық құзіреттіліктерін арттыру мақсатында оқыту семинар-тренингін өткізді.

Семинар барысында колледж оқытушылары авторлық бағдарламаларды құрастыру және қалалық ғылыми-әдістемелік кеңеске ұсыну, оқыту үрдісінде сандық технологияны қолдануды жетілдіру мәселелері бойынша сұрақтар қойып, тыңғылықты жауап ала алды.

 «Педагогтің әдістемелік жұмысының тиімді формалары» тақырыбында өткізілген педагогикалық тренинг колледж ұжымының бірлесе жұмыс атқара отырып, колледждегі әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарының орындалу деңгейін өздері анықтауларына ықпал етті.

Әдістемелік семинар-тренингке қатысушылар кәсіби деңгейде ұйымдастырылған танымдық, нәтижелі семинар үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Іс-шараға 40-тан астам адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған