«Өзіңізді біліңіз» педагог-психологтарға арналған тренинг

2024 жылдың 25 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» базасында  «Жас психолог мектебі» аясында  колледж  педагог-психологтарына арналған « Өзіңізді біліңіз »тақырыбында тұлғалық өсу тренингісін өткізді. Тренингке 12 педагог-психолог қатысты.

       Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина тренинг барысында өзін-өзі тану және  дамыту көзқарастарын қалыптастыру, жағымсыз тәжірибелерді азайтып, оларды жағымды эмоционалды күйлерге айналдыру мақсатында әртүрлі жаттығуларды қолданды.Толыққанды өзін-өзі көрсетуге кедергі келтіретін психологиялық қайшылықтарды еңсерудің практикалық дағдыларын көрсетті.

       Жағымды және жағымсыз қасиеттерді зерттеу жаттығуларын жасай отырып, қатысушылар өзін — өзі диагностикалау және сараптама жасау арқылы  өзін  танудың  практикалық дағдыларын үйренуге мүмкіндік алды.

       Тренинг соңында педагог-психологтарға басқа адамдардың эмоционалдық жағдайларын (эмпатия) бағалау,түсіну және коммуникативтік дағдыларды игеру бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

       Қатысушылар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын атап өтіп, одан әрі әдістемелік қолдауға өз тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *