Жеке меншік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсетілді

2024 жылғы 8-26 қаңтар күндері Астана қаласы Әдістемелік орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімі және мобильді топ мүшелерімен бірге мемлекеттік аттестациядан өтетін  «Алаш Глобал», «Baby School», «DILAU Study», «Мади Шах», «Бөбек Медина», «ДЦР Ботақан»,  «Одуванчик», «Ақбөпе-2009»,  «НС Аманат», «ДУВС Мерей» жеке меншік балабақшаларына әдістемелік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырды.

Әдістемелік көмек барысында:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;
  •  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асырылуы;
  • мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын  сақтау;
  • баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;
  • МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы;
  • балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша жүргізілетін құжаттар қаралды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған