«Methods of working with underachieving students in the classroom» тақырыбында қалалық семинар өтті

2024 жылдың 24 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айының жоспарына сәйкес №24 орта мектеп базасында ағылшын тілі пәнінің жас мамандарына арналған үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыста әдіс-тәсіл түрлерімен таныстыра отырып, ағылшын тілі сабағында сапалы білім беруді қалыптастыру мақсатында «Methods of working with underachieving students in the classroom» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Б.М. Қалмағанбетова  «Underachievement in Education» тақырыбында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстардың ерекшілігіне тоқталып өтті.  №54 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Сыздықова Жұлдыз Габдулхадировна  «Strategies for underachieving  students», №91 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі  Айдарбекова Ботагөз Танашевна  «Как научиться рефлексировать?», №24 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері  Сейпілова Райхан Русланқызы, Ахметова Динара Сапаровна  «Game as a method of learning English in primary school»,

 №50 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері  Камалова Дильфуза Бауржановна, Адамова Анар Сатпаевна «How to assist an underachieving students», №38 мектеп-лицейінің  ағылшын тілі пәні мұғалімі  Таутанова Асель Мырзакакимовна  «How to motivate underachieving students» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Кері байланыс кезінде жас мамандар тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған