Жас арнайы мамандарға шебер-сынып өтті

2024 жылғы 25 қаңтар күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскерлері  «№2 Оңалту орталығы»  КММ  мамандарымен бірлесіп мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас мамандарына арналған «Педагог жұмысындағы тиімді әдістер. Жас мамандарға арналған лайфхактар» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

          Семинардың мақсаты:

  • жас мамандардың еңбек жолында психологиялық бейімделуіне ықпал ету;  
  • түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға бағыт бағдар беру;
  • квест технологиялары мен ертегі терапиясы арқылы дамыту жаттығуларымен таныстыру.

          Семинар барысында жас мамандар тәжірибелі арнайы педагогтердің ұйымдастырған тренингтері мен шебер-сыныптарға белсене қатысты.

          Семинар соңында жас педагогтер кері байланыс беріп, өз ойларымен бөлісті, сонымен қатар тәлімгерлік мәселелері мен алдағы  уақытта қандай тақырыптар бойынша  семинар қажет екендігі талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған