«Біліктілік арттыру курсынан кейін педагогтерді сүйемелдеу – педагог табыстылығының кепілі» тақырыбындағы НТехК конференциясы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  жоспарына сәйкес техникалық  және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Біліктілік арттыру курсынан кейін педагогтерді сүйемелдеу – педагог табыстылығының кепілі» тақырыбындағы НТехК конференциясы 2024 жылдың 16-23 қаңтары аралығында  Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК базасында өткізілді.

Педагогикалық сессия форматында ұйымдастырылған НТехК конференциясының мақсаты – озық педагогикалық тәжірибені жалпылау арқылы білім беру сапасын арттыруға және жетістіктерге жету үшін педагогикалық қызметкерлерге жағдай жасау.

НТехК конференцияға қатысуға барлығы 43 өтініш қабылданды,  онлайн форматта өткен бірінші турдың қорытындысы бойынша 29 педагог екінші турға жіберілді.

          НТехК конференциясында ТжКББ ұйымдары оқытушылары өздері қатысқан біліктілік арттыру курстарынан кейінгі атқарылған тәжірибелік жұмыстарын,  өз тәжірибесінде орын алған жаңалықтарды, пәнді оқыту әдістемесінің дамуы мен шығармашылық әлеуетінің ілгерілеуі, білім беруде цифрлық технологияларды қолдану жолдары, оқыту стилінің өзгеруі мен педагогикалық философиясы жайлы көзқарастарын көпшілік назарына педагогикалық сессия бағыттарына сәйкес ұсынды:

  • Білім беру үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу;
  • Білім беруді дамытудағы әлеуметтік-психологиялық аспектілер;
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар: қолдану мәселелері мен перспективалары.

         НТехК конференциясы материалдарының электронды жинағы Әдістемелік орталықтың (https://astana-modern.edu.kz/) және Жоғары көлік және коммуникация колледжінің (https://ctranscom.kz/) ресми сайттарында  жарияланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған