№40 мектеп-лицей педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды

2024 жылдың 23 қаңтар күні «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес №40 мектеп-лицей педагогтеріне әдістемелік  көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Орталықтың әдіскерлері сабақ кестесіндегі пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысты.

  Әдіскерлер барлық пән бойынша 25 сабаққа қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, тиімді кері байланыс орнатты.

Пән  мұғалімдерінің сабақтары білім мазмұнын жаңарту талабына сай әдістемелі дұрыс құрастырылған. Сабақтың күтілетін нәтижелері оқу мақсатына сай. Мұғалімдер «миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, сабақ тақырыбы мен мақсатын қоюға білім алушыларды   белсенді қатыстырады.

Сабақта пән мұғалімдері  әр тапсырмаға дескриптор қолданып, оқушылар жетістігін қадағалайды. Оқушы өз білімі мен әрекеттерін талдау мақсатында кері байланыс әдісін қолданады. Әр кезеңде әдіс-тәсіл сыныптың жас ерекшеліктеріне сай болды.

 Сабақты тиімді ұйымдастыру, оқушы мен педагог арасындағы жағымды байланысты орнату, сабақ мақсатына сай саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жүргізілуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік күннің ұйымдастырылуы мектепке биыл келген жас мамандар үшін  өте тиімді болды.

Мектеп әкімшілігі  әдіскерлермен кеңесе отырып, алда  орталықпен бірлесе  жүргізілетін жұмыс  жоспарын құрды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған