2024 жылдың 30 қаңтары күні сағат 10.00 Астана қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Мақсаты: колледж педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық іс-әрекетті талдау және зерттеушілік мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау.
Конференцияның ұйымдастырушылары:Астана қаласының «Білім басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Астана қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Астана қаласы Білім беру қызметкерлері кәсіподағының, Түркия мемлекетінің, Ресей Федерациясының, Татарстан , Қырғызстан Республикаларының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар Алматы, Абай,Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан т.б. аймақтардың, Алматы,Шымкент, Астана қалаларының ТжКББ педагогтері және колледждердің әлеуметтік серіктестері қатысады.
Конференцияның негізі бағыттары:
— Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы техникалық және кәсіптік білім беру;
— Педагогикалық қызмет теориясы мен практикасы: проблемалар, шешімдер және тиімділік;
— Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кадрларды кәсіби даярлау;
-. ТжКБ білім беру үдерісіндегі цифрлық технологиялар және IТ – шешімдер;
— Мемлекет, экономика, қоғам, мәдениет және кәсіптік білім берудегі бағдарлар;
— Тұлғаны тәрбиелеу: идеядан нәтижеге.
Секциялық отырыстар диалогтық алаңы, дөңгелек үстел, панельдік дискуссия, BarCamp -анти-конференциясы, педагогикалық коллоквиум түрінде өткізіледі.
Конференцияның секциялық отырыстарына қатысушыларға жұмыс тәжірибесімен бөліскені туралы сертификаттар беріледі.
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың қазіргі заманауи тәсілдері» атты Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылардың мақалаларының электрондық жинағы жоспарланған.
Конференция материалдары Әдістемелік орталықтың astana-modern.edu.kz сайтында және Сервис және туризм колледжінің https://www.ksit.kz сайтында жарияланады.
Конференцияға 300-ден астам педагог қатысады.