2024 жылғы 19 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы № 84 мектеп — лицейінде «Мектепішілік бақылау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында жекеменшік мектеп директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына қалалық оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында спикерлер қатысушыларды білім саласындағы нормативтік – құқықтық құжаттармен таныстырып, мектепішілік бақылаудың бағыттары, түрі мен әдістерін, бақылау объектілерін дұрыс анықтау бойынша ақпарттық – әдістемелік кеңестер беріп, іс- тәжірибелерімен бөлісті.