«ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА…

Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен елордалық мектептер «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында білімалушыларды қазақ халық ертегілерін пайдалану негізінде туған өлке мәдениетімен таныстыру, сондай-ақ оқуға деген қызығушылықты, ауызша халық шығармашылығына деген сүйіспеншілікті арттыру, ата мен әжені тәрбиелеу процесіне қосу мақсатында жүзеге асырылып келеді.

Іс-шараны ағымдағы жылы алғашқылардың бірі болып Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясы бастады. Жоба барысында 1-сынып оқушысының әжесі «Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегіні оқып берді, ал балалар ертегіні рольдерге бөлініп сомдады.

Мектеп жасында әлеуметтік – тұлғалық дамуда терең өзгерістер болады. Ол баланың қандай да бір түрде бейнеленген жағдайлардың ішіне кіруін, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне ойша қатысуын, олардың қуанышы мен қайғысын сезінуін талап етеді.

Тәрбие процесінде ертегі балаларды адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің ежелгі құралдарының бірі болып табылады. Олар ересек қоғамның болашақ мүшелерінің мінез-құлық стереотиптерін қалыптастырады.

Сондықтан оқушылардың біртұтас тәрбие алу мақсатында балаларды қазақ халық ертегілеріне көңіл беруді ұсынамыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған