Impact of non-standard teaching techniques as a way of language skills formation on the school learners

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 жылғы 17 қаңтар күні сағат 14.00-де Т. Жүргенов атындағы №70  мектеп-лицейінде «Impact of non-standard teaching techniques as a way of language skills formation on the school learners» қалалық семинар ұйымдастырылды.

      Мақсаты – ағылшын тілі сабағында сапалы білім беруді тиімді ұйымдастыру.     

Әдістемелік орталықтың әдіскері А.Б. Амирова тәжірибесімен бөлісіп, педагогтермен тренинг өткізді.

Аталған іс-шараға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  қатысты.           

Семинар барысында Т. Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің педагог-сарапшысы, TESOL сертификатталған маман Қияқбай Нұрила Бақтиярқызы «The importance of non-standard teaching techniques in organization of PBL method» атты тақырыпта іс-тәжірибесімен бөлісті. Желілік сабақтастықты дамыту мақсатында №43 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Данебаев Жанат Оразбаевич «Non-Standard Teaching Techniques for Teaching English to Teens» деген тақырыпта сабақ барысында жұмыс жасау ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар, Кадирбаев Сундет Маратович өзінің зерттеу аясы ретінде «Teaching features of Spoken Discourse: From problems to solutions» тақырыбымен бөлісіп, айтылым дағдысының ерекшеліктеріне назар аударып өтті.

Қадыр Мырза Әли атындағы Binom School лицейінің педагог-зерттеушісі, Ескендір Сәуле Қайырбекқызы ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне «The benefits of debates in class» тақырыбы бойынша практикалық жұмысымен бөліссе, Жанбекова Ықылас Толепбеккызы IB бағдарламасы аясында «Stress-free learning through fun based activities» баяндамасымен бөлісті. Сонымен қоса, Маханбетжан Асем Нұржанқызы Мәлік Мадина Назарқызы «Modern non-standard teaching methods in the context of primary school education» тақырыбын нақтылай кетті. Қорытынды баяндама ретінде Ахметова Гульнара Сагынбаевна «Using Graphic organizers as an effective tool for teaching reading skills» баяндамасымен бөлісті.

Семинар кезінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері сұрақтарына шебер ұстаздар толық, тиянақты жауап берді. Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова А. іс-шараны қорытындылады. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 72 мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған