БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КІТАПХАНАШЫЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 17 қаңтар күні мектеп кітапханаларының жұмысын дамыту мақсатында білім беру ұйымдары кітапханашылары қауымдастығының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында кітапханашылар қауымдастығының жұмыс жоспарына талдау жүргізіліп, білім беру ұйымдарының кітапханашылар бірлестігінің жұмысын жандандыру бойынша іс-шаралар жоспарланды. Іс-шаралардың форматтары мен тақырыптары талқыланды.

Отырыс барысында ағымдағы жылы Білім басқармасының бастауымен қолға алынған елордалық мектептерде жүргізіліп отырған «8 минуттық оқу» жобасында кітапханашының атқаратын рөлі, сонымен қатар электрондық оқулықтарды пайдалану туралы сұрақтар қарастырылды.

Іс-шараға орта білім беру ұйымдары кітапханашылар қауымдастығының мүшелері және шығармашылық тобы қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған