Математикалық сауаттылық: сын-қатерлер, трендтер мен стратегияла

2023 жылғы 17 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Математикалық сауаттылық: сын-қатерлер , трендтер мен стратегиялар» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында спикерлер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға Binom School мектеп–лицейлерінің ұстаздары мен қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысты.

Танирбергенова Г. Б., Темирбаева Б. М «Зерттеу сабағының қысқаша мазмұны және мәселені шешу арқылы оқыту: олар не үшін қажет»» атты тренингімен семинарды ашты.

Аталған семинарға «Nobel фестивалі» мен «Upgrade 45» курсы аясында Уразбаева Г. Х. «Паскаль үшбұрышы», Жубанова К. К. «Фигураның ауданы және оның қасиеттері», Каюбалиева Г.Т. «Площадь фигуры и её свойства», Есенбеков Б.Т. «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары», Нұрлыбаева Ә.Н. «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару», Коспанов С.Е. «Көпмүшені көпмүшеге «бұрыштап» бөлу» атты ашық сабақтарды өткізді.

Ұстаздар ғылыми-техникалық прогрестің ең озық теориялары мен тәжірибесін талдап, жасанды интеллект, стартаптар мен заманауи әдіс – тәсілдер, ғылымның жаңа қырлары, адамзат болашағы секілді өзекті мәселелерді қамтыды.

Ұстаздар өздерінің тақырыптарында кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделетінін, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру керектігін атап өтті. Ұстаздар оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болатына тоқталды.

Семинардың екінші бөлімінде Майсатаева А.Б., Тажихан Б.М., Сатыбалдина Г.А., Амиреева М.Ж., Мырзаханова А.А., Каюбалиева Г.Т., Жубанова К.К., Жиенбаева Ш.О., Шахаева Д.Т., Айтышева Б.К., Уразбаева Г.Х., Коспанов С., Смагулова К.С., Бекмухамедова Д.А., өздерінің іс-тәжірибесіндегі цифрлық ресурс технологиялары мен математикалық сауаттылықты дамыту жолдары, және «Апгрейд 45 минут немесе әр сабақта оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын қалай дамыту керек» әдістемелік коучингтарымен таныстырды.

Қатысқан мұғалімдердің кері байланыстары mentimeter.com платформасы арқылы жүргізілді.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған