Білім беру үрдісінде цифрлық қызметтерді пайдалану

2024 жылдың 16 қаңтар күні Көлік және коммуникация колледжінде «Білім беру үрдісінде цифрлық қызметтерді пайдалану»  тақырыбында шебер-сыныптары  өтті.

Шебер – сыныптарды өткізу мақсаты – педагогтарға заманауи АКТ технологияларын оқу үрдісінде қолдануда әдістемелік көмек көрсету.

Іс-шараның барысында Жоғары қөлік және коммуникация колледжі директорының
IT- технологиялар бойынша орынбасары Касенов Д.Е.. Білім беру мазмұнын құруға арналған цифрлық қызметтер мен құралдары туралы  териялык шолу жасады.

Компьютерлық сыныптарда шебер-сыныптар келесі бағыттар бойынша «М-learning  (мобильді оқыту) үшін мазмұнды құру құралдары»,«Интерактивті жаттығулар, ойындарды, кроссвордтар және викториналарды құру қызметтері»,«Білім беру мазмұны туралы ақпаратты визуализациялау құралдары (презентациялар, инфографика, бейнелер, диаграммалар және т.б.)» ұйымдасырылды.

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы Бабаева Ш.М., директордың оқу-әдістемелік бойынша орынбасары Чалгинбаева Г.С., колледж әдіскері Мылтыкбаева Ж.Т.,  директордың оку ісі  бойынша орынбасары Канапина А.К. және Сервис және туризм колледжінің директорының бейнді жұмысы бойынша орынбасары, «Информатика» пәнінің оқытушысы Есенбекова А.Е. тәжірибелі ұстаздар шеберлік сыныптарын қызықты әрі танымдық түрде өткізді.

Әрбір қатысушысына іс-шараның 2-3 шеберлік сыныбында білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берілді.

Барлығы 60-тан астам адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған