Педагогикалық сынып

2024 жылғы 12 қаңтар күні Әдістемелік орталықта «Педагогикалық сынып» ерте кәсіби бағдар беру бойынша білім беру ұйымдары басшыларымен отырыс өтті.

          Отырыс барысында, оқушылардың болашақта педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында қаланың Жоғары оқу орындарымен бірігіп пилоттық режимде «Педагогикалық сынып» бағытын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

          Сонымен қатар, аталған сұрақ бойынша Жоғары оқу орындарымен бірге оқу бағдарламасын құру, жүзеге асыру мерзімін белгілеу, оқушыларды қызығушылығына қарай іріктеу  мәселелері қарастырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған