Тәрбие құндылықтары: әлеуметтік орта және тәжірибе

2024 жылғы 12 қаңтарда Астана қаласы колледждері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Тәрбие құндылықтары: әлеуметтік орта және тәжірибе» тақырыбында оқыту семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беруде тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу.

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі тәжірибелі орынбасарлары С. Н. Досман, ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі, Д.К.Абельдинова Сервис және туризм колледжі, Р.А.Бектұрсынова Менеджмент, бизнес және білім колледжі,  Р.Т.Сарина  Астана-Профи колледжі ТжКББ ұйымдарында тиімді тәрбие жұмысының негізгі драйверлері, қылмыстың алдын алу, ата-аналармен жұмыс ерекшеліктері бойынша тәжірибелерімен бөлісті. ТжКББ бөлімінің әдіскері   Р.К. Давлетбаева ТжКБ-да біртұтас тәрбие бағдарламасын және рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастыру жолдарын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

Іс-шара барысында педагогтар педагогикалық тренингтерге белсенді қатысып, тәрбие жұмысының проблемалық мәселелерін талқылады.

Соңында қатысушылар спикерлердің ұсынылған тәжірибесінің өзектілігін, уақтылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған