Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпақ негізі

Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылғы 10 қаңтар күні сағат 10.00-де № 38  мектеп – лицейінде «Шеберден тәлім» жобасы аясында  «Шебер  мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпақ негізі» қалалық семинары ұйымдастырылды.

      Мақсаты – Педагог қызметінің жалпы және  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда  әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.     

Әдістемелік орталықтың әдіскері Қалмағанбетова Б. «Шеберден тәлім» жобасының мақсатымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісетін шебер-педагогтердің еңбектері туралы айтып өтті.

Аталған іс-шараға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері  қатысты.           

Семинар барысында №73 мектеп-лицейінің педагог-шебері, шетел тілі пәні қауымдастығының жетекшісі Булебаева Алима Канатовна «Ағылшын тілі сабағында қазақтың ұлттық құндылықтарын енгізу» атты тақырыпта іс – тәжірибесімен театр қойылымы арқылы таныстырып, коучинг өткізді.

№38 мектеп-лицейінің педагог-шебері, бірнеше кітаптардың авторы Туитина Замзагуль Калкеновна ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне «Reading for pleasure»-авторлық бағдарлама» тақырыбында өз авторлық жұмыстары негізінде, авторлық бағдарлама орындау рәсімі бойынша шебер-сынып өткізді.

Секциялық бөлімінде көрсетілген мектептердің педагог-шеберлері: №77 мектеп-гимназия Амзина Канат Жадигеровна «Критериалды бағалау-сапалы білім негізі», №17 мектеп-гимназия Сералимова Сауле Амантаевна «Web-quests in teaching English», №16 орта мектеп Калита Галина Михайловна «Work with text», №6 гимназия Кан Любовь Юрьевна «Modern technologies in teaching English», Қ. Сатпаев ат. BINOM school мектеп лицейі Аралбаева Гульжайнат Мансуровна «Stylistic devices and expressive means» тақырыптарында шеберлік сыныптар өткізді.

Семинар кезінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері сұрақтарына шебер ұстаздар толық, тиянақты жауап берді. Семинар соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова А. іс-шараны қорытындылады. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 70 мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған