«Күш – білімде, білім – кітапта» атты қалалық семинар-практикум өтті

10.01.2024 күні «№71 мектеп-лицейінің» онжылдық мерейтойына орай «Күш – білімде, білім – кітапта» атты қалалық семинар-практикум өтті. Семинарға қала мектептерінің ұстаздары мен Әдістемелік орталығының әдіскерлері Айдарова Магрипа Ораловна және Маман Жанар Сейдахметовна қатысты. Семинарды мектеп директоры Майя Чакенқызы ашып берді.

Бағдарламада 16 ашық сабақ, шебер сынып өткізілді. Әр мектептен келген Ұстаздар  бастауыш сынып , қазақ тілі мен әдебиеті, алгебра, орыс әдебиеті, география, химия, тарих, ағылшын тілі сабақтарына қатысты. Мектеп мұғалімдері  инновациялық технологиялар мен әдістер,  цифрлық сервистер қолдану бойынша шебер-сынып ұйымдастырды, өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Бастауыш және жоғары сыныптардың қатысуымен ашық сабақтар өткізу барысында семинарға қатысушылардың назарына оқушыларды оқыту процесінде мектептің АКТ заманауи мүмкіндіктері ұсынылды.

Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері мен тарих пәнінің әдіскері Маман Жанар Сейдахметовна, Айдарова Магрипа Ораловна сөз алып, семинар қорытындысында жақсы деңгейде өткендігін атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған