Педагогтерді қолдау

2024 жылы 09 қаңтар күні Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес «Педагогтерді кәсіби дамыту» бөлімі «Педагогтерді қолдау» жобасы аясында Астана қаласы әкімдігінің МКҚК № 70 «Құлыншақ» балабақшасында әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күн барысында балабақшаның жылдық жұмыс жоспарында педагогтерді аттестаттау бойынша іс-шараларының орындалуы, түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, аттестаттау комиссиясының құрамын бекітуі, педагогикалық кеңес хаттамасында педагогтерді аттестаттау өткізу шешімінің қаралуы және педагогтердің біліктілік санаттарының статистикалық деректердегі ақпараттық мәліметтерінің нақты ақпараттарға сәйкестігін қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсетілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған