Әдістемелік жұмыстың өнімді формалары

2024 жылдың 9  қаңтары күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес колледж директорларының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына және әдіскерлерге арналған нұсқаулық –  әдістемелік кеңес өтті.

Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмысты жетілдіру.

Нұсқаулық-әдістемелік кеңестің жұмыс барысында Астана қаласы бойынша ТжКБ ұйымдарының 2023 жылда атқарылған әдістемелік жұмысының жағдайы мен тиімділігіне сараптамалық талдау жасалып, колледждердегі әдістемелік кабинетінің қызметін ұйымдастыру, әдістемелік қызметті тиімді жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

Кеңес аясында ұйымдастырылған «Әдістемелік жұмыстың өнімді формалары» тақырыбындағы welcome-тренинг қызметке жаңадан тағайындалған  әдіскерлердің әріптестерімен танысуына және өзін үлкен әрі жан-жақты команданың бір бөлігі ретінде сезінуіне ықпал етті. Welcome-тренингіне қатысушылар іс-шараның өзектілігін, дер кезінде өткендігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Іс-шараға 50 адам қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған