2024 жылғы 5 қаңтарда білім беру ұйымдарында педагогтармен, ата- аналармен және оқушылармен жұмыс жүргізу кезінде практикалық дағдылардың сапасын арттыру және заманауи әдістерді қолдану мақсатында «Әдістемелік орталық» психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерімен мектеп педагог-психологтарына арналған семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында педагог-психологтың күнделікті жұмысына қажетті инновациялық практикалық әдістерді: арт-терапия, ертегі терапиясы және МАК карталарын тәжірибеде пайдалануды, сондай-ақ тренингтің негізгі компоненттерін дұрыс қолдану техникалырын көрсетті. Семинар-тренингке 28 педагог-психолог қатысты.
Іс-шара соңындағы кері байланыста қатысушылар ой — пікірлерімен бөлісіп, осы әдістер мен техникаларды балалармен, үлкендермен жұмыста қолданудың қолжетімділін және қызықты екенін бағалап, атап өтті. Семинарға қатысқандарға сертификат табысталды.