«ҚАДЫР ӘЛЕМІ» ФЕСТИВАЛІ

Бүгін, 2024 жылдың 5 қаңтар  күні,  Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM School мектеп-лицейі Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК бірлесе отырып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлінің туған күніне орай «Қадыр әлемі» атты  фестиваль өткізді. Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын, әдеби мол мұрасын  насихаттау,  талантты педагогтердің өнерін жарыққа шығару, мұғалімдердің арасында шығармашыл педагогтердің тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында өткізілген фестивальге   шығармашыл педагогтер қатысып, фестивальдің 3 бағытында (1-бағыт: «Өлең –  өнер пернесі» (ақын шығармасы бойынша сурет салу байқауы), 2-бағыт: «Бір жақсысы – тілге ерік берген екен…»  (ақын педагогтер байқауы), 3-бағыт: «Қазақ осы –  күй шығарып, ән салып…» (Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған немесе арналған басқа автор мен композитордың әнін орындау)  бақ сынады.

Фестиваль бағыттарының әр байқауы бойынша қатысушылар Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының  І, ІІ,  ІІІ дәрежелі Дипломдарымен және Сертификаттарымен марапатталды. 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған