«Мектепалды сыныптың үздік педагогі» қалалық байқауының қорытындысы

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес орта білім беру ұйымдарының мектепалды сынып педагогтері арасында «Мектепалды сыныптың үздік педагогі» қалалық байқауы өтті.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша мына жеңімпаздар мен номинанттар анықталды:

Гран при – № 69 мектеп-гимназияның мектепалды сынып педагогі Ермаганбетова Майгул Муктаровна;

І орын – № 40 мектеп-лицейдің мектепалды сынып педагогі Мырзабекова Нуржамал Куанышовна;

ІІ орын – № 42 орта мектептің мектепалды сынып педагогі Молшылық Бахытгуль;

ІІІ орын – № 68 мектеп-гимназияның мектепалды сынып педагогі Хуандаг Мөлдір Жеңілханқызы.

Номинациялар:

1. «Шығармашыл педагог» номинациясы – №56 мектеп-лицейдің мектепалды сынып педагогі Айбосынова Зауре Абильовна;

2. «Жаңашыл педагог» номинациясы – № 48 мектеп-лицейдің мектепалды сынып педагогі Сапарбек Гулнур Ержанқызы;

3. «Көшбасшы педагог» номинациясы – №18 орта мектептің мектепалды сынып педагогі Акимбекова Асемгуль Алмазовна.

One comment

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған