«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу» атты вебинар

Астана қаласы Әдістемелік орталығының мектепке дейінгі білім беру бөлімі 2023 жылғы 27 желтоқсан күні орта, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары мен топ педагогтеріне «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша мониторинг жүргізу» атты вебинар өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты педагогтің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру бойынша тиімді мониторинг жүргізу үшін қажетті әдіс-тәсілдерді түсіндіруі, сондай-ақ әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Спикерлер мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері мен дағдыларының даму деңгейін бақылау үшін мониторингті тиімді жүргізу әдістеріне, тәсілдеріне назар аударды. Олар балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескерді, бұл білім беру ортасындағы сапалы жұмыс үшін маңызды.

Вебинар соңында педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға 100-ге жуық педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған