«ҚЫЗ-ҒҰМЫР» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ

«Қыз-ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш ақын, абайтанушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, «Бала Абай» жобасының авторы Алмахан Мұхаметқалиқызының зейнет жасына шығу құрметіне арналды. Әдеби-сазды кеште Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия оқушылары А. Мұхаметқалиқызының шығармашылығы негізінде ақын өлеңдерін оқып, «Донор және тек» поэмасының желісі бойынша көрініс қойып, ақын сөзіне жазылған әннен шашу шашты. Кеш иесіне арнап түсірілген деректі фильм көрсетілді. 150 оқушы (1-сынып оқушылары) бір уақытта «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтты. Білім басқармасының бөлім басшысы Асыл Амангелдіқызы Астана қаласы әкімдігінің Алғыс хаты мен Білім басқармасының Құрмет грамотасын,  Әдістемелік орталықтың әдіскері Жанар Сейдахметқызы Әдістемелік орталықтың Құтықтау хатын табыстап, Алмахан Мұхаметқалиқызына Еңселі Елордамыздың Білім беру саласына қосқан мол үлесі мен қажырлы еңбегі үшін ризашылықтарын  білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған