2023 жылдың 26 желтоқсан күні «Бала Абай» эксперименттік алаң жобасы бойынша мектептер мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК «Бала Абай: таным, тәжірибе, құндылық» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Семинарда бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері бірыңғай 1-сыныптың «Шежіре», «Абайдың ұлы әжесі – Зере», «Абайдың әкесі – Құнанбай» тақырыбындағы ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Қазіргі таңда қала бойынша 30 мектеп пен 20 балабақша пилоттық жобада бірлесе жұмыс жасауда.