Дене шынықтыру нұсқаушылары қауымдастықтарының семинары өтті

2023 жылғы 26 желтоқсан күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес кәсіби дамуына әдістемелік көмек көрсету, ұйымдастыру қызметін жүргізу әдістемесін жетілдіру мақсатында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымында балалармен қозғалыс белсенділігін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» атты қалалық семинар өтті.

Семинар барысында «ЕБҚ бар балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымында балалармен қозғалыс белсенділігін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері», «Нейро ойындар көру қабілеті бұзылған балалардың моторикасын түзету», «Инклюзивті топтарда инновациялық технологияларды қолдану және енгізу» , «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарда спикерлер өздерінің іс-тәжіриберлерімен бөлісті.

Іс-шараға 50 ден астам мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жас дене шынықтыру нұсқаушылары қатысты.

Семинар соңында қатысушылармен психологиялық ойын жаттығулар өткізіліп, кері байланыс жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған