Әдістемелік кеңес сағаты

2023 жылғы 21 желтоқсан күні Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Н.С.Исина, Б.К.Сейдахметова және Р.К.Давлетбаева «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында Басқару колледжі педагогтеріне оқыту семинарын өткізді.

          Семинар қатысушыларына педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, авторлық әзірленімдерді дайындау, оқу-әдістемелік құжаттаманы ресімдеу және жүргізу, оқу-тәрбие үрдісіне инновацияларды енгізу, ТжКББ ұйымдарында эксперименталдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Колледж педагогтері педагогикалық тренингке белсенді қатысып, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысының проблемалық мәселелерін талқылады.

          Әдістемелік семинарға 30-дан астам педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған