«Мұғалімдердің эмоционалды жануының алдын алу» психологиялық тренингі

        2023 жылдың 21 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің жоспарына сәйкес, психология апталығы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық   колледжінің педагогтеріне арналған «Мұғалімдердің эмоционалды жануының алдын алу» тақырыбында  тренинг өткізді. Тренингке 20 педагог қатысты.

       Тренингтің басында колледж директоры Р. Х. Елеусізова сөз сөйледі. Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері К. М. Хамзина тренинг барысында психоэмоционалды жағдайларды реттеу дағдыларын қалыптастыру, эмоционалды тұрақтылықты, өзіне деген сенімділікті дамыту және мұғалімдердің өзін-өзі бағалауын арттыру үшін әртүрлі жаттығуларды қолданды.

       Сондай-ақ, педагогикалық ұжымның ұйымшылдық деңгейін арттыруға және кәсіби қызметке ынталандыруға арналған практикалық жаттығуларды көрсетті.

       Өзіне, өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыру үшін жаттығу жасай отырып, әдіскер топ мүшелерінің өзін-өзі диагностикалау әдістерін қолданды. Тренингке қатысушылар өздеріне сараптама жасай отырып, өзін-өзі тану дағдыларын үйренуге мүмкіндік алды.

        Семинар соңында педагогтерге эмоциялық жанудың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде эмоционалды жағдайдың жақсарғанын көрсетті, іс-шараның маңыздылығын жоғары бағалап, одан әрі жалғастыруға өз тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған