«Мектептегі вожатыйдың қызметі» оқыту семинары

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылғы 22 желтоқсан күні Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп базасында «Мектептегі вожатыйдың қызметі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – аға вожатыйлардың кәсіби шеберлік деңгейін, педагогикалық құзыреттілігін арттыру, кеңес беру  және әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар барысында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Серікбай Бейсембаевич сөз сөйлеп, дебатқа қатысышыларға сәттілік тіледі. №38 мектеп-лицей вожатыйы қауымдастық жетекшісі Ақман Шырайлым Жақыпбекқызы «Дебат-құзыреттілікті қалыптастыру құралы» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясы вожатыйы Искакова Айханым Елубаевна білім беру ұйымдары вожатыйының лауазымдық міндеттерімен, және нормативті құжаттармен таныстырып өтті. Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің вожатыйы Бекболат Айгерім Саматқызы «Ақ дариға» әсем әнімен шашу шашты. №16 орта  мектебінің вожатыйы Жүсіпова Ақерке Орынбасарқызы рефлекция өткізді.

Қатысушылар арасында дебат ойыны жүргізіліп әріптестеріміз І, ІІ дәрежелі дипломдарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Семинар барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған