«Жырлаймын сені, Астана» тақырыбында қалалық ақындар айтысы өтті

2023 жылғы 21 желтоқсанда Әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес №93 мектеп-лицейінде жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері арасында  Астананың 25 жылдығына арналған «Жырлаймын сені, Астана» тақырыбында қалалық ақындар айтысы өтті.

          Айтысты өткізудің мақсаты тәуелсіздігіміздің алтын белгісі – Елорда тарихын насихаттау, ұлттық өнерді насихаттап жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірибелерін тарату болды.  «Жырлаймын сені, Астана» қалалық айтысына қатысушы барлығы 20 айтыскер ақын бірінші кезеңде  Астанаға арнау арнап, 30 секундық қысқаша сапалы видеолары Әдістемелік огрталықтың ресми ТікТок парақшасында жарияланды. Айтыстың екінші кезеңіне  барлығы 12 ақын жолдама алды.    «Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы, Қазақ Ұлттық өнер университеті Дәстүрлі музыкалық өнер факультеті, «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы Қайназар Еркебұлан Әбілханұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толқын Қабылша әділқазылық еткен айтыста Әлихан Бөкейхан атындағы Binom мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұхиден Ботакөз Мұхиденқызы І-орынмен, Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тілеуқұл Нартай Алдабергенұлы және №73 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Каримова Айнагүл Әділбекқызы ІІ-орынмен,  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясынан  Мәлжанбай Азамат, ТОО «SEED EDUCATION COMPLEX» Кусаинов Динмухамбет Берикұлы,  «Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясынан Утепбаев Тоба Монтайулы ІІІ-орынмен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған