2023 жылғы 21 желтоқсан күні Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес Астана қаласының жалпы білім беру ұйымдарының логопед-мұғалімдеріне арналған «Балалардың сөйлеу тілін дамытудағы логопед тәжірибесіндегі дәстүрлі емес әдістер» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Орталық әдіскерлері Астана қаласының «№2 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» КММ арнайы мамандарымен бірлесе отырып логопедтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында шебер сыныптар мен тренингтер өткізді.
Сонымен қатар семинар барысында:
— мектептегі логопедтер жұмысында қолданылатын заманауи әдіс — тәсілдер;
— нейрогимнастика – балалардың сөйлеуін дамыту құралы;
— балаларда сөйлеуді дамыту құралы – ұсақ моториканы дамыту;
— мектеп жасындағы балаларға арналған тыныс алу гимнастикасы;
— оқушыларға арналған «Логоритмика», сондай-ақ ата-аналармен бірге сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған тренингтер өткізу әдістерін іс жүзінде көрсетілді.
30-ға жуық логопед қатысқан семинар қызықты өтті.