«БАЛА АБАЙ» КАБИНЕТІ

21.12.2023 ж. Астана қаласы Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында  қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абай Құнанбайұлының «Бала Абай»  кабинеті ашылды.

Кабинет лентасын қию салтанаты мектеп директоры Жәудір Бақтиярқызы мен  Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Абайтанушы, «Бала Абай» жобасының авторы  Алмахан Мұхаметқалиқызына берілді.

Мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Абай кабинетімен таныстырып, 1-4 сынып оқушылары мен ата-аналары бірігіп, «Бала Абай» пәнінен алған-білгендерін, Абай шығармаларынан, қара сөздерінен жатқа оқып, көрініс корсетіп, әндерін орындап, өнерлерін ортаға салды.

Шараны ұйымдастырушы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Зайра Абылхасқызы және Динара Ағзамқызы шара соңында «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері  Жанар Сейдахметқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Абайтанушы, «Бала Абай» жобасының авторы  Алмахан Мұхаметқалиқызымен өздерінің «Бала Абай» пәні бойынша толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, алда жоспарлап отырған жоспарларын ортаға салып, шағын дөңгелек үстел жүргізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған