Қалалық семинар туралы

            Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылы 21 желтоқсан күні №53 «Мерей» балабақшасында «Балабақшада ЕБҚ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру»тақырыбында педагог-психологтарға арналған  семинар өткізілді.

           Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге бағытталған «Балабақшада аутизм спектрі бұзылған балалаларды тьюторлық сүйемелдеудің ерекшеліктері», «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін ойындар», «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен психологиялық жұмыстар» тақырыптарында тәжірибелік сабақтар өтті. Қатысушылар №53 «Мерей» балабақшасының психологиялық қызмет жүйесімен, жұмыс құжаттарын жүргізу барысымен танысты.

        Өз тәжірибелерімен бөліскен №53 «Мерей» балабақшасының педагог- психологтары А. Ахметжанова, Г. Коспановаға, №34 «Ақбидай» балабақшасының педагог- психологы К. Смагуловаға қатысушы педагог- психологтар  ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар  семинардан алған әсерлерін кері байланыс арқылы жеткізді.

         Іс-шараға елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан  37- педагог- психологтары қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған