Нәтижелі оқыту-білім берудің тенденциялары

Астана қаласы, Қ. Мырза-Әлі атындағы «Binom school» мектеп-лицейі қабырғасында 2023 жылдың 20 желтоқсан күні «Нәтижелі оқыту-білім берудің тенденциялары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы болып өтті.

Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-нан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, «Педагогикалық шеберлік орталығы» ДББҰ-ның өкілдері, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының өкілдері және республиканың оның ішінде Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы және т.б. өңірлерден химия, биология, география пәні педагогтері қатысты.

Пленарлық жиынды Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Ж.Қ. Амиргалиев ашып жүргізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Пленарлық жиында «Білім инновация» Халықаралық қоғамдық қорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі вице-президенті Қожахметов Қуат Бағдатұлы «Білім сапасын арттырудағы мұғалімнің рөлі», А.Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының биология пәні мұғалімі Тулебаева Анаргүл Шаймолдинқызы және т.б. спикерлер өз тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Пленарлық жиыннан соң секциялық бағдарлама бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын тапты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған