2023 жылдың 19 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен балалармен жағымды қарым-қатынасты орната білуде психологиялық білімді жетілдіру мақсатында №79 мектеп-лицейінің 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері елорданың бес ауданында жұмыс істейтін «Психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері» және психологтан тегін кеңес алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берді. Ата-аналармен топтық практикалық жұмыста жасөспіріммен сәтті қарым-қатынастың әртүрлі әдістері мен тәсілдері қолданылды.
Топтық жұмыс барысында отбасына көмек ретінде ұсынылған жаңа психологиялық әдістер туралы ой қозғалды. Ата-ана мен бала қарым-қатынасына қатысты өзекті мәселелер негізге алынып, отбасындағы жағымды қатынастың жасөспірім үшін басты құндылықтардың бірі екені талқыланды.
Әдіскерлер ата-аналарға балалар мен ата-аналар арасындағы оң қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша ұсыныстар берді.