Мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары

Астана қаласы Әдістемелік орталығы 2023 жылғы 20 желтоқсан күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әдістемелік орталық әдіскері Құндыз Слетақызы, №4 «Аружан» балабақшасының әдіскері Айсулу Мухамедовна мен №47 «Ақ желкен» балабақшасының әдіскері Гульмира Байдаковна 2023-2024 оқу жылындағы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеттері мен дағдыларының даму деңгейін қадағалау бойынша аралық мониторингті қалай дұрыс жүргізу керектігіне, сондай-ақ балабақшадағы тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуда оқу-тәрбие үрдісінің жасалу бағыттарына тоқталды.

Түсіндіру жұмысы соңында әдіскерлер қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 156 әдіскері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған