SHARE халықаралық жобасы

2023 жылғы 24-25 сәуір аралығында  SHARE халықаралық жобасы қатысушыларына арналған Кембридж университетінің профессоры Коллин Маклафлин мен зерттеуші Кейт Эванстың қатысуымен вебинарлар өтті.

Онлайн кездесу аясында келесі сұрақтар қозғалды:

— сынып ішіндегі зерттеудің негізгі мақсаттары;

— кейс-стади: Боттишам мектебінің тәжірибесінен мысалдар;

— SHARE мектептерінің зерттеу аясында жинаған мәліметтері бойынша негізгі тұжырымдар.

Вебинар аясында қатысушылар өздерінің мектеп топтары ішінде, сондай-ақ басқа мектеппен жұптасып, қаралған бейнематериалдар бойынша бақылаудың негізгі қорытындыларын талқылады.

Сонымен қатар, мектептер білім алушыларды оқу процесіне тартуға арналған зерттеу аясында қабылданып жатқан іс-шаралармен, деректерді жинау барысында кездескен проблемалармен бөлісті.

Тәлімгерлік сессиясының нәтижесінде мектептерге жүргізіліп жатқан зерттеулер шеңберінде ұсыныстар айтылып, үй тапсырмалары берілді.

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *